Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі өз ішкі нарығын қорғау мақсатында Қазақстан мен Беларусьтен тасымалданатын қантқа шектеу қоюды ұсынды, деп хабарлайды РИА новости.
Ресейдің ауыл шаруашылық министрі Александра Ткачеваның сөзінше, Қазақстан мен Беларусь баж салығын төлемей-ақ, үшінші елдерден тауар импорттайды, ЕАЭО ішкі нарығын төмендетіп, Ресейдің отандық өндірушілеріне жағымсыз жағдай қалыптастырады.
Бажсыз қант шикізатын әкеліп, оны өңдеуі өз елдерінде және Ресейде де қант бағасының арзан болуына әсер етеді. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілерге зиянын тигізіп отыр, сондықтан қант импортына шектеу қою керек", - деді Ткачева министрлікте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу